Байден инаугурациядан кейін Трамптың бірнеше шешімінің күшін жойды

Одан бөлек, короновируспен күреске қатысты бұйрық шығарды


21/01/2021
10:46 47178 0

Фото: iz.ru

 

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден қызметіне кіріскен бойда бұрынғы президент Дональд Трамптың бірқатар шешімінің күшін жойды. Мұны Reuters хабарлады. 

 

Байден АҚШ-ты климат жөніндегі Париж келісіміне қайта қосылу туралы құжатқа қол қойды, елдің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу процесі мен Мексикамен шекарада салынып жатқан қабырға құрылысын тоқтатты, бірнеше мұсылман елінің азаматтарын елге кіргізбеу туралы тыйымды алып тастады. 

 

АҚШ Париж келісімінен 2020 жылғы қарашада шығып кеткен еді. Трамп былтыр ДДСҰ-ынан шығу процесін бастады. Оның пікірінше, АҚШ-тан қомақты қаржы алып отырған ұйым «қажет реформаларды іске асырмаған, Қытай мүддесі үшін коронавирус қаншалық үлкен проблема екенін жасырған».  

 

Одан бөлек, Байден міндетті түрде маска тағу және Ақ үйде коронавируспен күрес жөніндегі жаңа штаб құру туралы бұйрық шығарды. 

 

АҚШ президентін сайлау 2020 жылғы 3 қарашада өтті. Онда демократ Байден 306 дауыс, Дональд Трамп 232 дауыс жинады. Жаңа президентті ұлықтау және ант беру рәсімі 20 қаңтарда өтті.

Поделиться

Нет комментариев.

21/01/2021 10:46
47178 0

Уведомление